20 жаста мынаны білуіміз керек...
Америкалық жазушы Жульен Смит жастарға арнап ақыл-кеңес қалдырған. 20 жасыңда сәтті адам болуға алғашқы қадамыңды жасай алуың үшін сен мынадай 20 дүниені білуің тиіс.
1. Әлем сені ақымақ еткісі келеді. Мәселен, банктік жүйені білмейтін адам кредитті өте көп мөлшердегі үстемесімен алып, соңынан сан соғады. Білімсіз адамнан ақша табу оңай. Бақытты, бай және тәуелсіз болғың келсе, мүмкіндігінше білімді болуға тырыс.
2. Білім беру институттарына біржақты сене берме. Олар оқу жоспарын дайындап, оның қате жасалғаны анықталғанша, көп уақыт өтеді де шығады. Біреудің соңынан жүріп оқығанша, көш бастау арқылы білім алу жөн.
3. Мүмкіндігінше көп оқы. Еске сақтау қабілетіңді жақсартып алып, тез оқуға тырыс. Мен білемін, сен бір аптада кем дегенде бір кітапты оқып бітіре аласың.
4. Әркезде де барлық адаммен байланыста бол. Байланыс жасаудың шебері бол. Адамдардан жақсы қасиет табуды әдетке айналдыр. Оны сол жақсы қасиетімен таны.
5. Мәдениетті боламын деп уақытты сарқыма. Мәдениеттілік – әр мәселені тек эмоциямен шешетін жол. Қарапайым әрі нақты әрекет ет.
6. Егер әлдекіммен байланыста сені әлдене жаман қырымен таңғалдырып, мазалайтын болса, араны үз. Бұл уақытыңды бос өткізу.
7. Үлкендермен көбірек аралас. Шешім қабылдауды үлкеннен үйрену дұрыс. Қатарласыңнан үйренудің еш нәтижесіз екенін біл.
8. Өзіңнен мықты адамды ізде. Онымен көп уақытыңды бірге өткіз. Ол мықтымен деңгейлес болуға, тіпті озуға да талпын.
9. Мәселені кешіктірмей бітір. Егер мәселе шешімін таппай, ұзаққа созылса қорқыныш үдей береді. Маған сен...
10. Шығынды барынша азайт. Басты арманың мен мақсатыңа мүмкіндік бер.
11. Қуанышыңды тәжірибемен алмастыр. Үйіңе жаңа жиһаз сатып алғанша, Парижге барып келгенің жақсы.
12. Жағдайың нашар болса, ең бірінші материалдық жағын шешу керек. Сенде 5 жылға арналған жеке жоспар болу керек. Бұған біртіндеп келуге тырыс.
13. Жобалауды үйрен. Бұл елестету қабілетің мен логикаңды дамытады.
14. Жастайыңнан салмақ арттырма. Мүмкіндікті жіберіп алмау керек.
15. Тамақ жасауды үйрен. Бұл өміріңді оңай етеді. Тамақ жасауды жұмыс деп емес, көңілге жағымды іс деп ұғу керек. Әрине, бұл арқылы ақшаңды оңға-солға шашпайсың.
16. Ұйқының қадірі қашпасын. Ұйқы мен тұрақты тамақ семіздіктен құтқарады. «Мен мынаны жасай салайын» немесе «О жақта ұйықтап үлгеремін» десең айтайын – «Ұйқың тыныш болмаса сен ештемеге де жарамайсың!».
17. Блокнотың болсын. Миыңа сенбе. «Мынаны істеуім керек пе еді...» деген оймен емес, қағазда жазылған нақты тапсырманы жаса.
18. Алдыңа үлкен мақсат қоя біл де, оны орындауға мүмкіндік ізде. Болар нәрсе болар, бірақ болар нәрсенің болатынын алдын ала білсең, өзіңе жақсы...
19. Әйтеуір бір саланың шебері бол. Айналсоқтап жүре бермей, бір іске 5 жылыңды арна. Одан кейін мамандықты ауыстырғың келсе – ерік өзіңде. Бірақ ауысқан салаңа сенімді бол.
20. Адамды түзеймін деп әуре болма. Оданша «бүлінбеген» адамдарды іздеп тап.