Брайан Трейси. Бай болудың 21 амалы Өзі миллионер, өзгені миллионер атануға көмектесетін адамның, әрине, айтары көп... Брайан Трейси – батыс елдерінде аса танымал тұлға. Бизнес жасауды, көшбасшылықты үйретудің мамандары ішіндегі алғашқы қатарда тұрған лектор (ұстаз). Қай еңбегін алып қарасақ та, бестселлер (теңдесіз) атанып, қалың оқырманның іздеп жүріп оқитын кітаптары қатарына жатады. Өзі миллионер, өзгені миллионер атануға көмектесетін адамның, әрине, айтары көп. Сондықтан, арнайы «Жақсы»-ның оқырмандары үшін, Брайан Трейсидің «миллионер атану үшін 21 құпиясын» ұсынып отырмыз. Оқы, қажетіңе жарат, қазақ! 1. Арманын асқақ болсын Армандаудан қорықпау керек. Керісінше, мысалға, қалтаңда не жеке есепшотыңда қанша қаражаттың болғаны туралы армандап жүру керек. Бір сәтке ойланып, еш кедергісіз, ешқандай бөгетсіз қандай да бір мақсатқа жеткеніңізді қиялдап көріңізші. Осының бәрі де болашаққа деген көзқарасыңызды өзгертіп, жігерлендіріп (мотивация), жаңаша серпілтуге мүмкіндік береді. Арманның асқақтығы – міне, сіздің мақсаттарыңыздың, яғни қаржылық қолбайлаудан құтылудың алғашқы сыры. Автордың пікірінше, дәл осындай арманы бар адам ғана миллионер атана алады. 2. Мақсатың айқын болсын Мақсаты айқын адам қиын жолдың өзін оңай өтеді. Шала-шарпы мақсат қойылса, тегіс жолдың өзінде сүрінеді. Жетіп-толған тұлғалар өзінің көп уақытын мақсаттарын ойлаумен өткізеді екен. Сіздер үшін жеті кезеңнен тұратын кеңестеріміз де дайын: біріншіден, өмірдің қай саласында жұмыс істеуге (яғни, ақша табуға) қалайтыңызды шешіп алаңыз; екіншіден, мақсаттарды нақтылап қағазға жазып қою; үшіншіден, әр мақсаттың орындалуына өз уақытын қою, нақты уақыт көрсетілгенде ғана жұмыс нәтиже көрінеді; төртіншіден, мақсатқа жету үшін атқарылатын жұмыстардың толық тізімін жазу; бесіншіден, аталған тізімді жоспар ретінде құрып алу; алтыншыдан, енді осы жоспарды орындау үшін бірден іске кірісу (көпшілігі тамаша жоспар құрғанымен нақты іске келгенде тізгінді тартып, қаншама уақытын жоғалтып алады, тіпті соңына дейін орындай алмай қалады); жетіншіден, әр күн сайын жоспардың бір тармағын (кішкене мақсат болсын) орындау. 3. Өзім үшін жұмыс істеймін деп ойлау Осы күннен бастап әр проблеманың, әр кикілжіңнің себебін өзінен іздеу. Иә, иә, дәл солай. Басқа біреуді кінәлауды доғарыңыз. Өзгенің кемшілігі туралы мүлдем ойламаңыз. Кез келген ісіңізге жауапты тек қана өзіңіз екенін естен шығармаңыз. Американдықтардың 3 пайызы ғана өзі үшін жұмыс істейтініне сенімді. Әрине, бұлар да мемлекеттік қызметте отырғандар. Бірақ, өзгелерден басты ерекшелігі, осы бастан кәсіпкердің менталитетін бойыңа сіңіруде. Бұл дегеніміз, қолайлы жағдайды күту емес, жағдайды өз ырқына лайықтап алу болып табылады. Болашақта аталмыш қасиет көп көмегін тигізері сөзсіз. 4. Өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысу керек Сүйікті іспен айналысқан адам ешқашан «көп жұмыс» істемейді. Бұл қаржылық тәуелсіздіктің басты құпиясы деуге болатындай. Өмірдің басты міндеттердің бірі – өзіне шынымен ұнайтын істе болу. Өз миллионын өзі тапқан ауқаттылар: «Бір күнімді қажырлы еңбекпен өткізген жоқпын, барлық жұмыстарымды ерекше ықыласпен ғана атқардым» дейді. Сізге бір сұрағым бар: Аяқ астынан миллионер атансаңыз, бүгінгі жұмысыңызда, осы салаңызда қала бересіз бе?! Жауабыңыз аса маңызды. 5. Үнемі жетіле жүріңіз Әрдайым біліміңізді жетілдіріп жүріңіз. Бүгіннен бастап, өз мамандығыңызда ең үздік боламын деп талап қойыңыз. Тарихтан белгілі, осындай талап қою арқылы көптеген адамдар өз мақсаттарына жеткен. Дәл солай. Ғұмырнамаларын оқып көріңіз. Бұл ретте мына ережені қаперіңізде ұстаңыз: «Сіз жақсы (білімді) болғаннан кейін ғана өміріңіз жақсарады». 6. Ұзақ әрі қажырлы еңбек Өз табысын тапқан миллионерлер ұзақ әрі қажырлы еңбек етті. Бұлар жұмысқа ерте келіп, соңғылардың бірі болып қайтып жүретін. «40+» формуласын өз жұмысыңызға басшылық етіп алыңыз. Аптаның 40 сағаты күнделікті тіршілігіңізге қажетті дүниелер үшін, қалған уақыт (яғни «+») болашағыңызға инвестиция үшін. Қызығы сол, миллионерлер алғашқы уақытта 59 сағат, тіпті 70-80 сағатқа дейін жұмыс істейтін. «Еңбек етсең – емерсің» деген осы. Тағы бір қажетті кеңес: Жұмыстағы уақытты тек жұмысқа арнау керек. Бос сөз, әлеуметтік желі, интернет... бәрі-бәрі «40+» формуласына зиян. 7. Өмір бойы үйрену Үздіксіз білім алу – кез келген салада жетістікке жетудің минималды талабы. Сізге жаңа білім игерудің көптеген мүмкіншіліктері бар. 21 ғасырдың көшбасшылары - оқуды әдетке айналғандырғандар. Өмір бойы оқып жүру үшін 3 ережені ұстау керек: бірінші, күн сайын кемінде 30-60 минут оқу; екінші, көлікте жүргенде аудиокітаптарды (музыка емес!!!) тыңдау; үшінші, мүмкіншілігіңізге сай оқу курстары мен семинарларға қатысып жүру. 8. Алдыменен өзіне ақы төлеу Барлық табыстың бір мөлшерін жинап отырыңыз. Бұны өзіңізге төлеу деп қабылдау керек. Бүгіннен бастап, барлық табыстың 10 пайызын белгілі бір жерде сақтап қоюды дағдыға айналдыру керек. Көпшілік адам «Паркинсон заңының» құрбаны атанады. Бұл заң бойынша адам өз ұнатқан нәрсесін ойланбастан сатып алады екен. Сіз дәл осылай құрбан атануға лайықты емессіз. Кез-келген тауарды алмас бұрын сәл ойланып көріңіз, шынымен де керек пе екен? Үнемшік осыдан пайда болады. 09. Ұсақ-түйекті де үйрену Өз салаңыз бойынша кез келген ақпаратты біліп алыңыз. Бұл сізді эксперттер қатарынан көрінуіңізге мүмкіндік береді. Сондықтан мамандандырылған кітап-журналдардың соңғы үлгілерін бәрі-бәрінде оқып отыруға тырысыңыз. Сұрақтар болса қоюға ұялмаңыз. Аталмыш қасиет болашақ миллионерге өте керек. 10. Өзгенің де көңілін табу Белгілі бір істі бастағанда мына сұрақтарға үнемі жауап іздеп жүріңіз: Менің клиенттеріме не қажет? Клиенттер нені күтіп отыр? Клиенттер үшін ең бағалы не? Өзгемен салыстырғанда клиенттерім үшін мен не бере аламын? Клиенттер тауарды менен емес, өзгеден неге сатып алып жатыр? Қажетті жауап тапсаңыз, ісіңіз өрге шығатыны сөзсіз-ақ! 11. Өзіңмен және өзгемен шынайы болу Адам бойындағы қасиеттерінің ішіндегі ең ұнамдысы – шынайылық пен әдептілік. Әрдайын шынайы әрі әдепті болыңыз. Бұл сіздің репутацияңызға әсер береді. Бір рет күмәнданған адам, ертең сізге сене ме? Сіздің тауарыңызды сатып ала ма? 12. Негізгі мақсаттар Әрине, уақыт аз, міндет көп. Осыған орай айтпағымыз, ең негізгі мақсаттарды (приоритет, басымдылық) алға қойыңыз. Және соған ғана негізгі күшті салу керек. Өміріңізде басым бағыттарды қойып, және соны орындауды үйренсеңіз – алынбас қамал қалмайды. Бұл базалық стратегия арқылы мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдар жетістікке жетті. 13. Абырой Жылдам әрі сенімді қызметкер (қызмет көрсетуші) ретінде абырой жинап алыңыз. Уақыт – 21-ғасырдың валютасы. Бұл заманда кім тез әрі сенімді қызмет көрсетсе, соның асығы алшысынан түседі. Қашан сіз негізгі мақсатты жылдам әрі нық сенімді етіп орындасаңыз, сол мезетте-ақ алға жүргеніңіз байқалады. «Жабық тұрған» есіктер ашылып, жаңа тыныс алу мүмкіндігіне кенелесіз. 14. Шыңдарды бағындыруға дайын болу Иә, жеңіс үздіксіз болмаса да міндетті түрде келеді. Альпинистті елестетіңіз. Бір биіктікті бағындырады, төмен қайтады, кейін одан зор биіктікке шығады. Сіздің өміріңіз де осы іспеттес. Өрлеу – еңіс, өрлеу – еңіс... «Өмір дегеніміз екі қадам алға, бір қадам кейін шегінуден тұрады». Сондықтан әрдайым есте жүрсін, өмір ауыспалы. Кез келген құбылуға сабырмен қарап, күнделікті жоспардан ауытқумау керек. 15. Тәртіп Өзіндік тәртіпті әрдайым бақылау. Өзіндік тәртіп дегеніміз – сіздің көңіл-күйіңіз бен өзге де сезімдеріңізге қарамастан, бір нәрсені дәл сол мезетте істеу. Бұл барлық миллионерлердің құпиясы. Тасы өрге домалаған адамдар ісін мақсатқа жетуге арнаса, өзгелер ішкі күйзелісін жоюға уақыт жұмсайды. Есте болсын, өмір – сынақ. Әр күн, әр сағат, кейде тіпті әр минут та сенің ішкі (өзіндік) тәртібіңіз сынаққа түседі. Және өзіңізге сенімді болған сайын сынақтан сүрінбей өте аласыз. Джим Рон айтқан екен: «Тәртіп тек унция (грамм) тартса, сәтсіздіктің салмағы тонна тартады». 16. Туа біткен шығармашылық қабілеттерді жетілдіру Сіздің миыңызда 10 миллиард жүйке клеткалары бар. Әрқайсысы нейрондар мен дендриттер арқылы өзара 20 мың клеткамен байланысады. Бұл дегеніміз - миыңыздың күші зор. Идеялар мен ойлардың сан түрлерін қозғай аласыз. Келесі тапсырмаға назар салыңыз: Қолыңызға бір парақ алып, ең маңызды мақсатты жазып, сұрақ белгісін қойыңыз. Мысалы, «Келесі 24-36 ай ішінде өз табысымды қалайша екі еселенуге болады?». Енді бар күшіңізді салып, кем дегенде жиырма (!) түрлі жауап беріңіз. Кейін біреуін таңдап, істі бастап кетіңіз. Нәтиже таң қаларлық. 17. Ортаңыз сай болсын Жетістіктің 85 пайызы ортаға байланысты. Яғни, сіздің айналаңыздағы адамдар. Позитивті ойлайтын, жетістікке ұмтылатын адамдар арасында жүру керек. Бәріміз де хамелеон сияқтымыз, қоршаған адамдарымыздың позитивті не негативті ойларын өзімізге сіңіреміз. Өз табысын тапқан миллионерлер әрдайым қарым-қатынас үстінде, жиындар мен кездесулердің бел ортасында жүреді. 18. Тәні саудың – жаны сау Бақыттың бір кілті тәннің саулығы. Бұл ретте сіз үшін 3 кеңесім бар: Бірінші, дене салмағының қалыпты мөлшері. Денеңізге қажетті салмағыңызды тауып, қажетті болса салмақ тастаңыз (қосыңыз). Және өмір бойы осы салмақта жүремін деп өз-өзіңізге уәде етіп, осы уәдеден таймаңыз. Екінші, диета. Пайдасы ас пен зиянды тамақтың арасын ажыратып, соған орай қоректеніп жүріңіз. Ас мәселелерін реттеп алсаңыз, қалған мақсаттарды жүзеге асыру жеңілдейді. Үшінші, дене жаттығыларын үнемі орындап отыру. Күніне кемінде 30 минут дене жаттығуларына (жүгіру, тренажер, велосипед т.б.) уақыт бөлу. 19. Іске деген құлшыныс Мәселені дұрыс сараптағаннан соң бірден жүзеге асыру миллионерлердің басты ерекшелігі. Олар көп созғанды ұнатпайды. Сіздің мақсатқа жетуіңіздің бір құпиясы – талпыну. Әрдайым талпынудан шаршамаңыз. Әрдайым ұмтылылыс үстінде жүріңіз. Әрдайым жаңа мүмкіншілікті пайдалануға дайын болыңыз. 20. Сәтсіздік туралы ойламау Қорқыныштың өзінен басқа өзгеден қорықпаңыз. Сәтсіздік болады деп болжау ең басты кедергілердің бірі. Бұл ретте байқасаңыз, менің ойым сәтсіздіктің өзінен емес, әлі болмаған күдікке деген қорқыныш жайында. «Сәтсіздікке ұшырау деген нұсқа болуы мүмкін емес» деген қағиданы ұстаныңыз. Ұмытпаңыз, басты мақсат – миллионер атану. 21. Дегенінен қайтпау Табандылық та ең қажет қасиет. Табандылықтың орнын талант та, кемеңгерлік те, білім де баса алмайды. «90 пайыз еңбек, 10 пайыз талант» деген бар емес пе, осындағы еңбектің синонимі табандылық. © Рүстем Шахымұранұлы Заманауи Қазақстан тобы

Теги других блогов: бизнес мотивация миллионер