Ааал қанша жасты арқалап жүрміз байқап көрейік😀 Биологиялық_жасыңызды есептеп_көріңіз Адамдардың әртүрлі қартаятыны белгілі. Біреулер 40 жасында кәрі көрінсе, енді біреулер 60 жасында әлдеқайда жас көрінеді. Бұл – ағзаның ескіру деңгейіне байланысты болатын жай. Ғылымда ол «биологиялық жас» деп аталады. Сіз құжат бойынша өзіңіздің қаншада екеніңізді білесіз, ал биологиялық жасыңыздың қаншада екенін білесіз бе? Оны мынадай тәсілдермен шамалап анықтай аласыз: #Омыртқа_иілгіштігі Ол үшін аяғыңызды сәл иілген күйі ұстап, барынша еңкейіп көріңіз. 20-30 жастағы адамдар бұл кезде еденге алақанын еркін тигізе алады. 40 жастағы адамның еденге (алақаны емес) саусақ ұштарын тигізуге мүмкіндігі бар. Ал 50 жастағылар қолын тізесінің ортасына дейін ғана жеткізе алады. #Тағы_бір_тәсіл: 1 минут ішінде алға қарай қанша мәрте иіле аласыз, соны санап көріңіз. 50-ден асырсаңыз, сіздің биологиялық жасыңыз 20-ның төңірегінде болғаны. 30 жасқа сәйкес болса 35-тен 49-ға дейін еңкейіп үлгересіз. Ал 1 минутта 30-34 арасында иіліп-бүгіле алсаңыз, онда сіздің биологиялық жасыңыз 40-қа шақ келгені. 50 жаста болсаңыз, иілуді 1 минутта 25-29 мәртеге жеткізесіз. 60-тағы адам әрі кеткенде 24 мәрте иіле алады. #Іс-әрекет #жылдамдығы Мұны анықтау үшін жаныңызда көмекші адам болсын. Оған ұзындығы 50 сантиметрлік сызғыш ұстатыңыз. Нөл саны белгіленген жағынан тік ұстап тұрып, ал сіз сызғыштың екінші ұшынан 10 сантиметр төмен ұстаңыз. Көмекші сызғышты бірден тастап жібергенде сіз оны үлкен және сұқ саусақ арасында ұс¬тап қалып, яғни «қағып алып» үлге¬рі¬ңіз. Биологиялық жасыңыз 20-да болса, сіз сызғышты 20 саны көрсетілген жерден ұстап қаласыз. 30-да болсаңыз – 25-ті, 40-та болсаңыз – 35-ті, 60-та болсаңыз 45 сантиметр белгіленген тұсты ұстайсыз. #Вестибулярлық_жүйенің_ ахуалы Оны білу үшін көзді жұмған күйде бір аяғыңызды еденнен 10 сантиметр көтеріп тұрыңыз. Биологиялық жасыңыз осы күйде қанша уақыт тұра алғаныңызға қарай анықталады. Яғни 20-да болсаңыз, 30 секундқа шыдайсыз. 40 жаста – 20 секундқа, 50-де – 15 секундқа, 60 жаста және одан әрі қарай 10 секунд осылайша тұра аласыз. #Тамырлардың жай-күйі Алақанның сырт жағындағы теріні бас бармақпен және сұқ саусақпен 10 секунд қысып ұстаңыз. Теріде ақ дақ пайда болады, оның қанша уақытта қойылатынын байқаңыз. 30 жастағы адамда ол 30 секундты төңіректеуі керек. Ал ол 8 секундқа дейін сақталса, бұл – биологиялық жасы 40-тағы адам тамырларының жай-күйінің көрсеткіші. 50 жастағылардыкі – 10, 60 жастағылардыкі 15 секундта өзгереді. #Өкпенің_жағдайы Мұны қашықта тұрған балауыз шамды үрлеп өшіріп анықтауға болады. 20 жастағылар 1 метр қашықтан өшіре алады, 40 жастағылар – 70-80 сантиметр қашықтан өшіреді. Тыныс алу жиілігіне қарап анықтайтын да тәсіл бар. Мұны 1 минутта те¬рең тыныс тартып, шығару циклын санау арқылы біледі. Биологиялық жас былай анықталады: 30 жаста – 40-45 цикл, 30 жаста – 35-39 цикл, 40 жаста – 30-34 цикл, 50 жаста – 20-29 цикл, 60 жаста – 15-19 цикл. #Буындардың_сақталуы Мұны арқаға бір қолды жоғарыдан, екіншісін астынан созып, жауырын аумағында айқастыру арқылы тексеріңіз. 20 жастағы адам мұны еркін істейді, ал 30 жаста саусақтарды бір-біріне тигізуге мүмкіндік бар. 40 жаста саусақтарды тигізе алмайсыз, тек жақындайды, ал 50-дегі адамға қолын бұлайша арқаға қарай апарудың өзі қиын. #Жүйкенің_ахуалы Мұны білу үшін жаныңызға жәрдемші алыңыз. Ол қағазға 5 қатардан, әрқайсысы 5 жолдан тұратын кесте жасап, оған 1-ден 25-ке дейінгі сандарды шашыратып жазсын. Сіз қалам алып, қағазға сандарды ретік өсімі бойынша кезегімен, ештеңеге көңіл бөлмей тез түртіп шығыңыз. Сіздің биологиялық жасыңыз 20-да болса, онда бұл іске 35 секундтан артық уақыт жұмсамайсыз. 30 жастағы адам мұны 36-40 секундта жасайды. 40 жастағы адам – 40-50 секунд, 50 жастағы адам 1 минуттай уақыт жоғалтады. #Қысқасы, адам ағзасы әрқалай қартаяды. Жоғарыда көрсетілген жайлар биологиялық жасты 100 пайыз тура көрсетеді деген сөз емес, яғни адам өзінің жай-күйіне қарай шамалап, орташасын алуы керек. Ал ағза қартаюына құжаттағы жас көрсеткіші емес, түрлі аурулар, жаман әдеттер, стресс, тұрмыстық және экологиялық жайлар, қимыл-қозғалыстың аздығы да әсер ететінін ұмытпау керек. Адам мұндай әсерлерден қашып құтыла алмағанымен де өз денсаулығына қамқорлық жасауға қауқарлы. Тән сергектігі, ақыл-ой деңгейі мен еңбекке жарамдылықты ұзақ сақтауға осы денсаулық күтімі тікелей әсер ететіні естеріңізде болсын. «Ауырмаңыз» Фейсбук парақшасынан алынды