Бір көкеміздің 8 қызы болса керек. Олардың есімдері: - Ұлбосын - Ұлжан - Ұлкеледі - Ұлкүтем - Ұлтусын - Ұлмүмкін - Ұлма - Ұлқайда Жеңгеміз тоғызыншы рет құрсақ көтеріп тағы да бір қыз туыпты. Сөйтсе әкесі ол қыздың есімін Шаршадым қойған екен... Негізі бұл күлетін жағдай емес. Менің нағашы атамның екі шешесі болған. Бәйбіше мен өз шешесі. Бәйбіше кілең қыз туа берген соң "отағасының қуаты қайтпай тұрғанда қойнына жас әйел салып тұқым алып қалайын, оты өшер, аты өшер" деп тоқал әперген. Сол тоқал қошқардай қошқардай ұлдарды топырлатып туып тастайды. Соның бірі менің нағашым. Қазақта ұлдың орны несімен ерекшеленеді?! Артында қалатын ұрпағымен ерекшеленеді. Аты өшпейтінімен, шежіреде тоқтап қалмайтынымен ерекшеленеді. Ер адамның тұқымы тоқтағаны қасірет. Ондай жағдайда әйелі кеңшілік жасағаны абзалырақ. Өзімшілдікке салынып бір әулеттің тоқтауына себепкер болмайық. Ұл болмаса әулет өмір сүруін тоқтатады. Қазіргі күнде қыздан туғанды " немере" деп үйіне дейін кіргізіп алып отырғандар қаншама. Амалдың жоқтығынан әрине. Бәрібір іші өз немерем деп жылымайды. Қазақта қыз жат жұрттық дейді. Жат жұрттың ұрығын жатырына салған қыздың баласы нағашысын жалғар ұрпақ болмайды яғни әкеңнің әулетін жалғастырмайды. Себебі оның қаны басқа. Тегі басқа. Әке-шешең сенің көңіліңе қарап балаңды әрі кетсе басынан бір сипар, бірақ еміренбейді. Себебі жұрты басқа. Сол үшін сәл нәрсеге шоқпытыңды жиып төркініңе тұра қашып, бала-шағаңды "немерең" деп әке-шешеңе тықпалай бермей өз қанына, өз жұртына, өз тегіне, өз руына сіңдір. Ер бала болсын, қыз бала болсын өз қаны өз тегінің ортасында ғана жәутеңдемей еркін жүреді. Нағашы деген еркелеп барып, еркелеп қайтатын жұрт. (с) ЖағанБегім БӘКІРҚЫЗЫ Арнайы #Бөрілі БАЙРАҚ үшін

Теги других блогов: қазақ қыздар әке-шеше