Басыңа күн туғанда оқитын кеңестер 1. «Бәрі бітті!» деудің орнына «Қызық енді басталды» деп ойлауды үйреткім келеді. Бірақ мұндай естілік мол тәжірибемен келеді екен. 2. Егер кейде есерлікке бой алдырмасаң, өмірлік ризықтың жартысынан қағылатының рас. 3. Тамаша ережем бар: болып жатқан жағдай ұнамаса, кетіп қалам. 4. Жақсы ырымды әркім өзі ойлап тауып алса да болады. Кімге жолықсаң, сол сәттілік әкеледі. Солай жазып қой. Есіңе де солай сақта. Күнің де соған сай өтеді. 5. Ақымақ тілегіңді лезде орында, соны орындауға бүтін өміріңді арнап жіберме. 6. Егер біраз уақыт ештеңеден қорықпайтын түр жасасаң, батылдық әдетіңе айналады. Ашық терезенің астында ұйықтау, күнделікті контрастылы душ қабылдау секілді. 7. Ең маңыздысы – аз сөйлеу. Сонда сұқбаттас бәрін анық түсіндірудің амалын табады. Түсіндіре алмаған адамды әлі кездестірмедім. Адамдар өте дарынды. Өте. 8. Жауабы белгілі сұрақтарды қойып керек емес — ақылың жетпеген нәрсені жүрек баяғыда сезіп қойған. 9. Жағдайың тамаша сияқты өмір сүр. Бұл тәсілдің тиімділігіне кейін өзің таң қаларсың. Өзіңді алдай алсаң, өмірде алмайтын қамал қалмас. 10. Маңызды нәрсені дауыстап айтуға болмайды. Құпияны сақтау керек. Әсіресе, ересектерге. Құпия құпия күйінде қалмаса, бітті, орындалмай қалады. 11. Адам баратын жерді емес, соған апарар жолды сүйіп үйренуі керек. 12. Бүгін — өзіңнің жағалауыңнан асатын күн. Әр адам – мұхит. Өзіңді өмір бақи шалшықпын деп есептеу ақымақтық. 13. Өзіңді жақсы көр, мақта. Мұндай маңызды істі өзгеге тапсыруға болмайды. 14. Түнімен уайымдап, ойланып шықсаң – өзіңді ұлы ойшыл сезініп кетпес үшін бір-екі тентектік жасау парыз. 15. Егер басыңа бақытсыздық қонды деп есептесең, одан бірнеше қадам алыстап, сырттай бағалап көр. Қайғың кемімесе де, қайғымен өмір сүру шарт емес екенін түсінерсің. 16. Баруға тиіс жерге емес, көңілің қалаған жерге бар. Бара жатып ештеңеден қорықпа. 17. Мәңгілікке атымды қалдырсам дегенге тәуекел етпес үшін мәңгіліктен үмітіңді үз. Торығу — кемелдікке бастайтын керемет кілт. Кез келген құлыпты ашатын кілт. Адамның қолында бар жалғыз кілт. 18. Кей мүмкіндікті уыстан шығарып алған абзал. Нағыз қажетінен құр қалмас үшін. 19. Екінің бірі: ештеңені өзгерте алмасаң — уайымдау бекер, — не өзгерте аласың — ендеше уайым мен ашуға бой алдырмастан өзгертетінді өзгерт. 20. Адам тірі тұрғанда ешқашан кеш емес. Кез келген жағдайдан шығаратын амал бар. Әрі бір емес, бірнеше амалы табылады. Жер бетіндегі амалы жоқ жағдайға тап болатындай сен кім едің? Робин Шарма Аударған Шынар Әбілда

Теги других блогов: продвижение SEO Google